$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Халық таңдауы ел болашағын баянды етеді,- Е.Бейсенбаев

AstanaTV
07.10.2024ж. 09:21
324
Халық таңдауы ел болашағын баянды етеді,- Е.Бейсенбаев

Тарихи сәт - АЭС бойынша референдум да өз мәресіне жетті. Халық азаматтық ұстанымын білдіріп, өз таңдауын жасады. Оның алдын-ала қорытындысы жарияланды.  Бұл туралы Мәжіліс депутаты, "AMANAT" фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

"Орталық референдум комиссиясының мәліметінше, тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 63,87%-і бюллетень алған. Бұл - жақсы көрсеткіш. Халқымыздың ел болашағына бей-жай қарамай, барынша белсенділік танытқанын айқын аңғарып отырмыз. Ең бастысы, референдумда дауыс беру - ашық, таза және әділ өтті. 

Бұл Мемлекет басшысы ұсынған әділетті Қазақстанның нақты жүзеге асып жатқанына тағы бір дәлел. 

Осынау маңызды мәселе бойынша Қоғамдық даму институты жүргізген Exit Poll-дың алғашқы қорытындысы да мәлім болды. Оның нәтижесі бойынша сауалнамаға қатысушылардың 72,3%-ы Қазақстанда атом электр стансасының құрылысымен келісемін деп жауап берген. 

Көп ұзамай мемлекеттік жауапты ұйымның да ресми дерегі жарияланады. Әдетте, ол көрсеткіш те экзитпол қорытындысынан соншалықты алшақ болмайтынын әлемдік тәжірибе көрсетіп келеді.

Бұл ретте, халық таңдауы ел болашағын баянды ететініне нық сенімдімін",-деп жазады Елнұр Бейсенбаев.