Ақтөбеде скутерге мінген 18 және 20 жастағы екі жігіт жүк көлігіне соқтығысып, қаза тапты,- деп хабарлайды Astana TV.
Скутердің 18 жастағы жүргізушісі жол жиегінде тұрған КамАЗ-ға соқтығысқан.
«Жол-көлік оқиғасынан скутер жүргізушісі мен 20 жастағы жолаушы оқиға орнында қайтыс болды. Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Полиция департаменті екі доңғалақты көлік жүргізушілерін жол қозғалысы ережелерінің талаптарын сақтауға шақырады», – деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД.