Референдум қорытындысы – қоғамдағы көңіл-күйдің нақты көрінісі. Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов фейсбук парақшасында саяси науқанға қатысты осылай деп пікір жазды. Кәсіпкерлер, шаруалар, кеншілер, жұмысшылар, жастар, мұғалімдер, дәрігерлер және басқалар да экономикасы дамыған елде өмір сүргісі келеді. Олардың барлығы мұның кілті энергетикалық тәуелсіздік екенін және бұл үшін атом электр станциясын салу қажет екенін жақсы түсінеді, - деді Мәжіліс төрағасы.
ЕРЛАН ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Бейбіт атом – инновациялық тұрғыда сенімді, қауіпсіз, экологиялық таза энергия көзі. Бұл – ғылымда, техникада, өндірісте, ауыл шаруашылығында және өзге де көптеген салада көкжиегімізді кеңейтетін әлемдік тренд.
Осылайша, халық өз таңдауын жасады. Барша қазақстандықты еліміздің жаңа тарихында ерекше орын алатын осы айтулы оқиғамен шын жүректен құттықтаймын.