$498.34 €519.72 ₽4.85
×

«Дауыс беру процесін кедергісіз бақыладық»,- халықаралық байқаушылар

07.10.2024ж. 20:00
853
«Дауыс беру процесін кедергісіз бақыладық»,- халықаралық байқаушылар

Дауыс беру процесін кедергісіз бақыладық және учаскелерді өз еркімізбен таңдадық. Шанхай ынтымақтастығы ұйымы миссиясының бақылаушылары осылай деді. Халықаралық өкілдер өз таңдауын жасауға ниет білдірген азаматтардың Конституциялық құқығы сақталып, бұзушылықтардың болмағанын атап өтті. Шетелдік меймандар референдумның ұйымдастырылу деңгейін жоғары бағалады. 

ОЛЕГ КОПЫЛОВ, ШЫҰ МИССИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ, ҰЙЫМНЫҢ БАС ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазақстанның барлық аумағындағы учаскелерде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың кедергісіз дауыс беруіне жағдай жасалған. Арнайы кабиналар дайындалды. Біздің миссияның мүшелері барған учаскелерде көру қабілеті бұзылған азаматтарға Брайль трафареттері қарастырылған. Нашар еститін жандарға сурдоаурмашылардың қызметі көрсетілді.

Түркі мемлекеттер ұйымының атынан келген бақылаушылар да референдумның ашық әрі әділ өткенін жеткізді. 11 адамнан тұратын миссия Астанадағы 24 учаскедегі дауыс беру процесін бақылаған. 

САДИ ДЖАФАРОВ, ТМҰ МИССИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ, ҰЙЫМНЫҢ БАС ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Дауыстарды санау процесін де бақыладық. Барлығы тиісті заңнамалар мен халықаралық стандарттарға сай өтті. Дауыс берушілердің тарапынан қандай да бір сын, шағым естімедік. Референдумда көтерілген сұрақтың мемлекет үшін маңызы зор екенін атап өткіміз келеді.