$484.37 €531.06 ₽5.05
×

«Референдум аз уақыттың ішінде сәтті ұйымдастырылған», - шетелдік байқаушы

07.10.2024ж. 20:00
107
«Референдум аз уақыттың ішінде сәтті ұйымдастырылған», - шетелдік байқаушы

«Қазақстан саяси науқанды аз уақыттың ішінде сәтті ұйымдастырған». ТМД байқаушылар миссиясы референдумға осындай баға берді. Науқанды қадағалауға Әзербайжан, Беларусь, Тәжікстан, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстан елдерінен 74 байқаушы келген. Олар өңірлерді аралап дауыс беру барысын бақылады. Учаскілердегі процесс жақсы ұйымдастырылғанын айтып, жаңа технологиялардың көп қолданылғанына тоқталды. Бастысы, дауыс беру әділ өтті, - дейді. 

ЛЕОНИД АНФИМОВ, ТМД БАЙҚАУШЫЛАР МИССИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Елде халықтың дауыс беруі үшін барлық жағдай жасалған. Референдум өткізуге дайындық уақыты аз болғанына қарамастан бәрі ойдағыдай болды. Сәтті ұйымдастырылған. Біз ешқандай заңбұзушылықты көрмедік. Көзімізді жұмып, әдейі көрмеген кейіп танытқан жоқпыз. Расымен заңға қайшы әрекет байқалмады.