$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қарағанды облысында дала өртінен құтқарушы қаза тапты

07.10.2024ж. 20:00
226
Қарағанды облысында дала өртінен құтқарушы қаза тапты

Қарағанды облысында дала өртінен құтқарушы қаза тапты. 33 жастағы Қали Қайрат №24 өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндірушісі болып қызмет еткен. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Сотқа дейінгі тергеу басталды. Тілсіз жау құрғақ шөптің жануынан болған. Алғашқыда Қарқаралы ауданы Шөптікөл ауылының маңында жазық дала өртенген. Соны сөндіруге барған өрт сөндіруші оқиға орнында жан тапсырды. Бұл құтқарушыдан бөлек тағы 4 өрт сөндірушіні күйік шалған. Олар ауруханаға жеткізілді. 

БЕРІК ТӨЛЕУБАЕВ, Х.МАҚАЖАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНА ТРАВМАТОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Өртпен күресу кезінде 4 науқас ауруханаға түсті. Кеше Қарқаралы аудандық ауруханаға одан кейін бізге жеткізілді. Қазір жағдайлары тұрақты. Бүкіл керек ем шараларын алып жатыр науқастар.

Қарағандының Қарқаралы ауданында басталған өрт Павлодар облысы аумағына жетті. 6 мың гектар жер отқа оранды. Желтау ауылының халқын қауіпсіз жерге көшірілді. Елдімекенде 26 адам тұрады. Өртті сөндіруге ұйытқып соққан қатты жел кедергі келтіруде. Қызыл жалын шарпыған аумақ оқшауланды. Тілсіз жаумен күреске екі өңірдің құтқару қызметінен 600-ден астам адам мен 110 техника және 4 тікұшақ жұмылдырылды.