Астаналық жастар бүгін таңнан бастап референдумға дайындық кезінде жапсырылған плакаттарды жинады. Бір айдың ішінде республика бойынша 1,5 миллионға жуық ақпаратттандыру қағазы ілінген болатын. Ал, оларды жинау мен тазарту бастамасы жастардың қоғамдық жобаларды қолдауға деген ұмтылысын ғана емес экологиялық мәдениетті көрсетеді.
АҚЕРКЕ ЕСКЕНДІРОВА, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ ТӨРАҒАСЫ:
Бүгін 7-ші қазан күні осы үгіт-насихат материалдарын бүкіл ел бойынша жинау жұмыстарын өткізуге шықты. Себебі кеше 6-шы қазан күні референдум өтіп барлық сайлушылар өз таңдауын жасады. Бұл жалпы белсенділердің «Таза Қазақстан» акциясы аясында мемлекет басшысы әр жерді таза ұстау қағидатын қолдау мақсатында жүргізіліп жатқан акция.
Бұл жұмысқа шымкенттік жастар да белсенді қатысты. Белсенділер тек ақпараттық плакаттарды ғана алып қоймай, қабырғаларға жапсырылған өзге де мерзімі өткен жарнама қағаздарын да жұлып, қоқысқа тастады. Олардың орындарын жапсырма желімдер мен скотчтарға дейін мұқият тазалап, іздерін қалдырмай сүртіп шығуда.
БЕКЗАТ ТӨЛЕБАЙ, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Тек қағаздарды ғана емес, сурет салынған, ескі мағлұматтар жазылған ақпараттардың бәрін бірден алып, тазалап кететін боламыз. Жастар бірінші кезекте қаланың тазалығын құптайды, әрдайым ұқыптылықта ұстайды. Біз жастарды барынша осы шараға шақырып жүреміз.