$498.34 €519.72 ₽4.85
×

"Дәрігер болуды бала кезден армандадым", - Б. Қонысбекұлы

07.10.2024ж. 20:00
371
"Дәрігер болуды бала кезден армандадым", - Б. Қонысбекұлы

Бүгін – Халықаралық дәрігерлер күні. Айтулы дата әлімнің бірнеше елінде қазан айының алғашқы дүйсенбі күні аталып өтеді. Бүгінде елімізде 277 мың медицина қызметкері жұмыс істейді, оның 80 мыңдайы – дәрігер. Антына адал ақхалаттылармен әріптесім тілдесті.  Батыр Қонысбекұлы 10 жылдан бері дәрігер болып қызмет етеді. Күніне 50-ге жуық адамның денсаулығын тексереді. Оның 15-не операция жасайды.

БАТЫР ҚОНЫСБЕКҰЛЫ, ХИРУРГ ДӘРІГЕР:

Дәрігерлік жұмыс сасып қалуды, ештеңе істемей қарап тұрып қалатын жұмыс емес. Тез арада шешім қабылдау керек. Бұған бірінші кезекте қызығу керек. Адамға көмек көрсетуден қорықпау керек.

Қазір елімізде 277 мың медицина қызметкері жұмыс істейді. Оның 80 мыңға жуығы – дәрігер. Ақхалатты абзал жандарға халықтың айтар алғысы шексіз. Бұл мамандық иелері қашанда құрметке лайық дейді.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

 - Дәрігерлердің еңбектері ерең. Әр адамның өміріне қауіп төніп тұрғанда сақтап қалуға мүмкіндіктері бар. Ол кісілерге рақмет!
- Жұмыстарына бәріңе, күндерінеде көңілім толады. Оларды бағалау керек.
- Олардың еңбегі өте зор. Халыққа тиген көмегі қанша ма. Дәрігерсіз ештеңе болмайды. Бүкіл тіреудің бәрі дәрігерлерде.

Медицина саласының мамандары қандай мəртебеге, марапатқа болсын əбден лайық. Соған сəйкес құрмет көрсету – əрбіріміздің азаматтық борышымыз.