Жергілікті БАҚ өкілдері таратқан ақпар бойынша елдің азаматтық авиация басқармасы қажетті қауіпсіздік шаралары енгізілгеннен кейін шектеулердің бәрін алып тастаған, деп хабарлайды 24kz.
Қазір Тегерандағы халықаралық әуежай қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Иран билігі қауіпсіздік мақсатында барлық әуе рейсін тоқтатқан болатын. Мұндай шешім Израильмен арадағы шиеленістің өршуіне байланысты қабылданды.