$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қираған ғимараттан денесі табылған жасөспірімнің өліміне не себеп болғаны анықталды

AstanaTV
08.10.2024ж. 10:18
273
Қираған ғимараттан денесі табылған жасөспірімнің өліміне не себеп болғаны анықталды

14 жастағы жасөспірімнің денесі 10 қыркүйек күні мектеп жанындағы адам тұрмайтын ғимараттан табылған еді. Сот-медициналық сараптама қорытындысы 14 жастағы Аурелияның газдан уланғанын көрсетті, деп хабарлайды Astana TV.

«Сот-медицина сараптамасы қыздың газдан қатты улану себепті көз жұмғанын көрсетті. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеудің басқа деректері жарияланбайды», - деді Астана Полиция департаментінің баспасөз қызметі.