$486.44 €534.31 ₽5.06
×

Тұрғындардың 71,12% АЭС құрылысын қолдады - ОРК

AstanaTV
08.10.2024ж. 11:27
228
Тұрғындардың 71,12% АЭС құрылысын қолдады - ОРК

ҚР Орталық референдум комиссиясы Республикалық референдумның нәтижелерін белгіледі, деп хабарлайды Astana TV.

Алынған мәліметтерге сәйкес, референдумға қатысуға құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны 12 миллион 284 мың 487 адамды құрады.

Дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны 7 миллион 820 мың 204 адамды немесе референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар санының 63,66% құрады.    

Референдумға шығарылған мәселені оң шешуге дауыс берген азаматтардың саны 5 миллион 561 мың 937 адамды немесе 71,12% құрады.

Осылайша, референдум өтті деп саналады.

Референдумға шығарылған мәселе бойынша оң шешім қабылданды.