$498.34 €519.72 ₽4.85
×

С.Ахметовтің жазасы 2 жылға қысқарды

AstanaTV
14.03.2016ж. 20:00
1475
С.Ахметовтің жазасы 2 жылға қысқарды

Жаза 10 жылдан, 8 жылға өзгертілді. Бұрынғы премьер-министр Серік Ахметовтің жазасын өтеу мерзімі 2 жылға қысқарды. Бүгін Қарағанды облысының қылмыстық істер бойынша апелляциялық соты осындай қаулы шығарды. Сотта судья Рашид Нұрмағамбетов мұндай шешім шығаруға Серік Ахметовтің кінәсін ішінара мойындап, қаржылай шығынды толық өтегенін ескергенін айтты. Сондай-ақ, осы іске қатысы бар деп сотталған Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Мейрам Смағұловтың 3 жылдық жазасы 2 жылға қысқарды. "Ол алдағы сәуірде бостандыққа шығады",-деді апеляциялық сот алқасының төрағасы. Одан бөлек, 5 жылға бас бостандығынан айырылған Қарағанды қаласының экс-әкімі Бауыржан Әбдішев те осындай рақымға ие болып, оның жазасы 3 жылға өзгерді. Аты-шулы іске қатысты сотталған тағы 2 шенеунік бостандыққа шығатын болды. Еске салсақ, өткен жылы желтоқсанда экс-премьер-министр Серік Ахметов "заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқан", «бюджет қаржысын жымқырған» және «қызмет бабын асыра пайдаланды» деген баптармен 10 жылға сотталған еді. Айта кетейік, Серік Ахметов сот үкіміне дейін 1 жыл 1 ай үйқамақта отырған болатын. 

 А.ҚУАШ