$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Өртке оранған Қарқаралы ауданының тұрғындары прокуратурадан ескерту алды

AstanaTV
08.10.2024ж. 19:28
251
Өртке оранған Қарқаралы ауданының тұрғындары прокуратурадан ескерту алды

Қарағанды облысының прокуратурасы бірнеше күннен бері дала өрті тоқтамаған Қарқаралы ауданының тұрғындарына ескерту жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның себебі – желіде тараған жалған ақпарат көрінеді.

«Бұқаралық ақпарат құралдарында және түрлі әлеуметтік желілерде Қарқаралы ауданындағы өртке қатысты көрінеу жалған ақпарат тарату жағдайлары жиілеп кетті. Тексерілмеген мәліметтер жарияланады. Көрінеу жалған ақпарат тарату жазаланатын іс-әрекет және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады», - деп хабарлайды Қарағанды облысының прокуратурасы.

Осыған байланысты аудан прокуратурасы «азаматтарды, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін, әлеуметтік желілерді пайдаланушыларды заңнаманы мүлтіксіз сақтауға және осы құқық бұзушылықтың жасалуына жол бермеуге, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге» шақырған.