$497.89 €525.12 ₽5
×

5 жарым млн-нан астам азамат АЭС салуды қолдады

5 жарым млн-нан астам азамат АЭС салуды қолдады

Орталық референдум комиссиясы түпкілікті нәтижелерді жариялады. 7 млн 820 мың 204 адам өз таңдауын жасаған. Яғни, дауыс берушілердің 63,66 проценті саяси науқанға қатысқан. Нәтижесінде референдум өткізілді деп саналды. Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровтің хабарлауынша, жарамсыз деп танылған бюллетендер саны - 130 мыңнан асты. Сондай-ақ жауаптардың екі нұсқасы да таңдалған, яғни жарамды деп танылып, бірақ дауыс санау кезінде есепке алынбайтын бюллетендер саны - 82 729 болды. 

НҰРЛАН ӘБДІРОВ, ҚР ОРТАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Дауыс беруге қатысқан азаматтардың 71,12 проценті немесе 5 млн 561 мың 937 адам Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесін қолдады. Қазақстанда атом электр станциясын салуға қарсы дауыс бергендердің саны 2 млн 45 мың 271 адамды құрады. Осылайша, республикалық референдум туралы Конституциялық заңның нормаларына сәйкес, Қазақстанда атом электр станциясын салу туралы референдумға қойылған мәселе бойынша шешім қабылданды деп саналады.