Алматыдағы Ғұмарбек Дәукеев атындағы энергетика және байланыс университетінде сараптамалық талқылау өтті. Референдум өткізу Қазақстандағы саяси мәдениет пен азаматтық қоғамның дамуындағы маңызды кезең болды дейді қатысушылар. Азаматтардың дауыс беруге қатысуы ел болашағы үшін алаңдайтынын анық айқындады. Ендігі мәселе осы салада жұмыс істейтін мықты мамандарды оқытып шығару екенін айтады.
ЕРТУҒАН МАМБЕТҚҰЛОВ, АУЭС УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ:
Атом электр станциясы бізде салынатын болды. Енді мен сол электр энергетика жағынан маман болғаннан кейін өте қуаныштымын. Мына дамыған елдердің қатарына кіріп жатырмыз. Және біздің Қазақстанның мүмкіншілігін мінекей осындай ашып, келешекте мен ойлаймын келешекте үлкен деңгейге жеткіземіз.
БАУЫРЖАН ИБРАЕВ, ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ NEW NUCLEAR WATCH INSTITUTE КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
3 станция жұмыс істеп жатыр. Ядролық блоктар істеп жатыр. Үлкен көп мамандар бар. Көп үлкен оқу орындары жұмыс істеп жатыр. Қандай білім алсаң да оқу орнында өндіріссіз тәжІрибелік практикасыз сіз маман бола алмайсыз. Сондықтан сондай елдермен келісіп үлкен практика алуымыз керек біздің студенттер.