$497.89 €525.12 ₽5
×

Қызылордада бірнеше адам автосалонға алданып қалды

Қызылордада бірнеше адам  автосалонға алданып қалды

Қызылордалық бірнеше тұрғын көлік сатамын деп сан соғып қалды. Айтуларынша, тіршіліктеріне жарап тұрған темір тұлпарларын танымал сайт арқылы сатуға шығарған. Жарнамадан соң автосалоннан хабарласқан. Ұсыныстарын қабылдаған. Алайда соңында көлік те, ақша да жоқ. Енді алданғандар қайда барарын білмей дал. 

Бұл азаматтардың сандалып жүргеніне 2 айға жуықтаған. Айтуларынша, автосалон көліктеріне тиімді баға ұсынған. Арнайы келісімшартқа да қол қойып, есептен шығартқан. Соның негізінде 14 күннен кейін толық сумманы қолдарына беретін болып келіскен. 

АЛМАДУЛЛА ЖАЛМҰРЗАЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Арасында бір келіп көріп кеткен ғой. Машина тұрған келген кезінде. Енді қайтып 14 күннен кейін келсе машина жоқ. Машинада жоқ, ақша да жоқ. Сатылып кеткен машина білмейді, ешкім айтпайды. Мынандай адамға қалай лицензия беріп отыр, құқық беріп отыр осындай халықтың машинасын сатуға. Алаяқтық қой мынау, алаяқ ол. Қанша адамды зарлатып отыр. 

Жиналғандардың айтуынша, 30-ға жуық адам қазір ақшаларын ала алмай жүр. Көліктерін басқа адамдар сатып алыпты. Ал автосалон құрылтайшысы мен директорының ізін таппай қалдық деп ашулы.

ҚАЙРУЛЛА ТАБІКӘБІЛОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Общий қосқанда 29 машина. Ол әлде де бар шығар. Бұл менің білетінімді айтып жатқаным. Осы кезде отпечать етіп басып кетті. Әлімбет деген жігітті де, Самат деген жігітті де ешкім таппайды. Я заң қызметкері, я өзіміз іздеп таба алмай жүрміз. 

Аталмыш дерек бойынша қазір полцейлер тергеуді бастап кеткен. Алайяқтық бабымен іс қозғалған.

ТАЛАНТ ҚАЗЫБЕК, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ ТЕРГЕУ БӨЛІМІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Аталған дерек бойынша Қызылорда қалалық полиция басқармасымен ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс тіркеліп, қазіргі таңда тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Аталған қылмыстық іс басқарма бастығының қатаң бақылауында. Басқа деректер ҚР ҚК 201 –бабының талабына сәйкес қылмыстық іс бойынша қандай да бір тергеу әрекеттері жариялануға жатпайды.

Күдіктілердің қамауға алынған, алынбағына әзірге беймәлім. Ал жаяу қалған тұрғындар шарасыз күйде отыр.