$497.89 €525.12 ₽5
×

4100 адам донор кезегін күтіп жүр

08.10.2024ж. 20:00
164
4100 адам  донор кезегін күтіп жүр

Елімізде донор тапшы. 4100 науқас ішкі ағзаларын ауыстыру кезегін күтіп жүр. Басым көпшілігі бүйрек жетіспеушіліген зардап шегеді. Олардың саны 3600-ден асып кеткен. Ал жүрек, бауыр, өкпе, ұйқы безінің жетіспеушілігі басқа ағзаларға қарағанда аздау. Өкінішке қарай донорларға балалар да мұқтаж. 103 баланың бүйрегі мен жүрегін ауыстыру қажет. Бұл кезекте Павлодар облысы көш бастап тұр. Мұнда 216 адам ішкі ағзаларын ауыстыруға кезекке тұрған. 

ДМИТРИЙ ПОТЕРЕБУХ, ҚАЛАЛЫҚ №1 АУРУХАНАНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ:

Бізде биыл донор болуға 7 үміткер болды. Алайда, оның бесеуі қарсылық білдірді. Қарсылық олардың діни көзқарасына байланысты болды. Кейбірі тіпті не себепті қарсы екендерінде түсіндірмеді. Ал 2 адам донор болуға келісім берді. Біреуіне трансплатация жасадық. Ота сәтті өтті. Екінші донорда өкінішке қарай ВИЧ инспекциясы анықталғандықтан, ішкі органдарды ауыстыру мүмкін болмады.

Өкінішке қарай, елімізде донор болғысы келетін адамдар аз. Тіпті жоқтың қасы деп айтуға болады. Жылына шамамен 100-ге жуық ғана операция жасалады. Ал қалған науқастар кезек күтуге мәжбүр. Ал кезектің қашан келері белгісіз. Ресми статистика бойынша жыл сайын донорға мұқтаж адамдардың 10 пайызы көз жұмады. 

ӘСЕЛ КҮМПЕКЕЕВА, ҚАЛАЛЫҚ №1 АУРУХАНАНЫҢ НЕФРОЛОГ ДӘРІГЕРІ:

Бүйрек жұмысын тоқтатқан адамдарға гемодиализ жасамаса, трансплантация жасау керек. Гемодиализдан басқа екінші вариант трансплантация. Басқа варинат жоқ. Олар онсыз өміре сүре алмайды. Гемодиализдан өмірлік қажетті процедура.