$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Жамбылда екі алғаны үшін ата-анасынан ұрыс естіген бала үйінен қашып кеткен

AstanaTV
08.10.2024ж. 08:07
107
Жамбылда екі алғаны үшін ата-анасынан ұрыс естіген бала үйінен қашып кеткен

Жыл басынан бері Жамбыл облысында кәмелетке толмаған жасөспірімдердің үйден кетіп қалуының 242 дерегі тіркелді, деп хабарлайды KAZINFORM.

Олардың 215-і бір тәулікте, қалғандары бірнеше тәулік ішінде табылған. 

«Қазіргі жасөспірімдер өз бетінше үйден неге кетіп қалады? Статистикалық талдау нәтижелері оның негізгі себептері - отбасындағы жанжал жағдайлары, ата-аналардың жұмыс бастылығы, осыдан барып балалардың бос уақыты мен байланыс ортасына қатысты бақылаудың болмауы, кәмелетке толмағандардың бос уақытының дұрыс ұйымдастырылмауы, компьютерлік ойындарға деген әуестік, отбасындағы қолайсыздық», - дейді бұл жөнінде Жамбыл облысы Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасы ювеналдық полиция тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Әлішер Қалышев.

Балалар нақты мекенжайды білмей, автобуспен жүріп немесе үйден ұзап бара жатқанда адасып кету, кездейсоқ кету жағдайы сирек кездесуде. Мәселен, 17 жастағы жасөспірім шкафтағы заттарды ақтарып жүріп, әжесінің жасырған ақшасын тауып алып, оған ұялы телефон сатып алған. Мұны білген әжесі немересіне ұрсады, ал ол ренжіп, үйден жасырын кетіп қалады. Полиция жасөспірімді таңертең үйден 35 шақырым жерден тапқан.

Ал 13 жасар балаға сабақтан төмен баға алғаны үшін ата-анасы ұрысып, ол ешбір ескертпестен, досының үйіне қонады. Осыған қатысты ата-аналармен және кәмелетке толмаған жасөспірімдермен профилактикалық әңгімелер өткізілген.

Қазіргі таңда үйден кеткен барлық жасөспірімдер табылып, ата-аналарына қайтарылған. Және балаларға қатысты не олардың қатысуымен жасалған қандай да бір қылмыс жасау фактілері оларды іздестіру кезеңінде тіркелмеген. Барлық балаларды іздеуге тек полиция қызметкерлері ғана емес, еріктілер мен осыған бей-жай қарамайтын белсенді азаматтар да қатысқан.