$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Алматыда жыл басынан бері 83 адам ағзасын ауыстырды

AstanaTV
09.10.2024ж. 13:30
297
Алматыда жыл басынан бері 83 адам ағзасын ауыстырды

2023 жылы оңтүстік астанада міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен ағза мүшесін транспланттау бойынша 83 операция жасалды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында медициналық сақтандыру қорының Алматы қалалық филиалы директоры Ілияс Мұхамеджан айтты.

Филиал директорының айтуынша, міндетті медициналық сақтандыру пакетіндегі медициналық қызмет көрсету аясы өте кең және ол барлық сақтандырылған азаматқа қолжетімді.

«Жыл басынан бері құны 551,8 млн теңгеден асатын 83 трансплантация жасалды. Мұндай бір ғана отаның өзі орта есеппен алғанда 7-9 млн теңге тұрады. Осы қызметтердің бәрін сақтандырылған азаматтар МӘМС арқылы қиындықсыз пайдаланып келеді», - дейді Ілияс Мұхамеджан.