$486.44 €534.31 ₽5.06
×

Қызылорда облысында пәтер тонауды кәсіп еткен ұры ұсталды

AstanaTV
09.10.2024ж. 15:21
101
Қызылорда облысында пәтер тонауды кәсіп еткен ұры ұсталды

Полицейлер жедел шара барысында тұрғындардың үйлеріне ұрлыққа түскен әккі ұрыны қолға түсірді. Қызылорда облысы Қазалы ауданының бірнеше тұрғыны полиция бөліміне арызданып, үйлерінен ұрлық жасалғанын айтқан.

Күдікті үй иелерінің жоқтығын пайдаланып, пластик терезелерді арнайы бұрағышпен күштеп ашу арқылы үй ішіне заңсыз кіріп, ақша мен алтын бұйымдарды ұрлаған.

Түскен ақпарат бойынша дереу бағыт-бағдар беріліп, жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде "ізін суытпай" ауданның 37 жастағы тұрғыны ұсталды.

Жәбірленушілерге тиесілі алтын бұйымдар мен өзге де айғақ заттар дәлелдеме ретінде алынды.

Қазіргі уақытта полицейлер пәтер ұрысының облыс көлемінде жасалған басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр. Тергеп-тексеру әрекеттері жалғасуда. Күдікті қамауға алынды.