$490.84 €536.88 ₽5.04
×

Туған анасын өлтірген оралдық жасөспірім 9 жылға сотталды

09.10.2024ж. 20:00
81
Туған анасын өлтірген оралдық жасөспірім 9 жылға сотталды

Оралда туған анасын асқан жауыздықпен өлтірген жасөспірім 9 жылға сотталды. Кінәсін мойындаған ол ашу үстінде артық кеткенін айтса да, әкесі кешірім бермепті. Енді ол өз жазасын кәмелетке толмағандарға арналған түзету мекемесінде өтейді. Елді дүрліктірген қылмыстық іс жабық сот отырысында өткізілгендіктен, болған оқиғаның мән-жайы толық айтылмады. Бірақ анасын өкпелеп қатыгездікпен өлтірген жігіттің пышақ сілтегені белгілі болды. Дегенмен сотталушы білім алған колледж қызметкерлері оның тәртіпті, үлгілі студент болғанын жасырмапты. 

ДИНАРА ҒИЛМАНОВА, БҚО МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ СОТ СУДЬЯСЫ:
Қылмыс жасағанын өзі мойындап, шын жүректен өкінді және жеңілдететін мән-жәй ретінде алқабилердің кесімімен шын жүректен өкінуі және кәмелеттік жасқа толмауы таңылып отыр. Ал ауырлататын мән-жай жоқ. Сол себептен кәмелет жасқа толмаған сотталғанға 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып отыр.