Алматыда ядролық физика институтында референдум қорытындылары бойынша сараптамалық талқылау өтті. Іс-шараға қатысушылар атом электр станциясының негізгі артықшылықтарын, оның экономикалық тиімділігін, энергиямен қамтамасыз етудің тұрақтылығын, экологиялық тазалығы мен қауіпсіздігін сөз етті. Ғалымдардың айтуынша, атом энергетикасы объектілерін салу кезінде қауіпсіздік мәселесі әрқашан бірінші орында тұр. Қазақстандағы АЭС жобасы барлық халықаралық талаптар мен стандарттарға сәйкес келеді. Одан бөлек, маман тапшылығы туындамайтынын, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде кадрлар дайындалып жатқаны айтылды. Сонымен қатар, қатысушылар АЭС құрылысына шамамен 12 жыл кетуі мүмкін деп топшылады. «Реактордың мүлтіксіз жұмыс істеуіне 50-60 жыл көлемінде кепілдік беріледі», - дейді сарапшылар.
ЖАНДОС НӘДІРОВ, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ:
Халықаралық мүше бар МАГАТЭ деген. Сол басынан бастап мынау фундаментінен бастап толық соғып біткенше қадағалайды. Төрт мемлекет қарастырылып жатыр. Ол Қытай, Ресей, Франция, Оңтүстік Корея. Соның арасында қайсысы сәйкес келеді, жаңа айтылып кетті ғой ТЭО жасалынады, техзадание ұтып алады деген, соның бәрі қайсысы сәйкес келеді, енді үкімет комиссиялық ретінде шешім қабылдайды деп ойлаймын.
АСХАТ БЕКБАЕВ, ЗЕРТТЕУ РЕАКТОР КЕШЕНІ БАС ИНЖЕНЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Біздің реактор 1967 жылдан бері осы күнге дейін әлі істеп келе жатыр. Енді қазіргі таңда ұсынылып жатқан 4 вендордың реакторы біздің реактормен типтес боп тұр су-сулы реактор. Бұл су-сулы реакторлардың қауіпсіздік деңгейі өте жоғары. Өйткені бұл 50 жылдан бері қолданып келе жатқан реакторлар. 415 реактор дейміз ғой әлем бойынша қазіргі 32 мемлекетте қолданыста бар реакторлардың ішінде 200-і осындай су-сулы реакторлар. Осы 50 жылдың ішінде бірде-бір авариялық оқиға болған емес.