$523.17 €550.06 ₽4.93
×

Қазақстанға "тазы тұқымының иесі" деген мәртебе берілді

09.10.2024ж. 20:00
207
Қазақстанға "тазы тұқымының иесі" деген мәртебе берілді

Қазақстанға "тазы тұқымының иесі" деген мәртебе берілді. Қазақ тазысын ресми түрде ит тұқымы деп тану шешімін Халықаралық кинологиялық федерацияның Бас комитеті қабылдады. Аталмыш комитет алдағы 10 жыл ішінде Қазақстандағы тазы тұқымының жүйелі дамуын бақылап отырады. Сондай-ақ иттердің денсаулығына көптеген сынама өткізіліп, жаңа туған тазы күшіктерінің статистикасы жүргізіледі. 

СЕРІК АУТАЕВ, "ASYL QAZYNA" ҰЛТТЫҚ ТАЗЫ ИТТЕР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ БАС БАПКЕРІ:

Президент Қ. Тоқаев заңға өзгеріс кіргізді осы қазақ тазы мен төбеттеріне. Содан шаруа басталып кетті. Қанша тазы бар осы қазақ байтақ жерінде, соның санын зерттеп, оның сосын сапасын зерттеп қазіргі енді не бар ғой, мүмкіншілік бар. Заң бар ғой шет мемлекеттің Европейский. Соған бәрін тапсырдық. Биыл соған кіргізді бізді.

Бапкердің айтуынша, енді тазыны шет мемлекеттер патенттей алмайды. Ал 10 жылдыққа берілген тапсырманы артығымен орындау қолға алынып, арнайы жоспарлар жасалуда. Алайда ауылдық жерлерде тіркеуге алынбаған тазы көп. Бұл мәселені шешу үшін республикалық деңгейдегі шаралар ұйымдастырылып, ұлттық спорт түрі "шырға тарту" бойынша көптеген жарыс өтпек.