$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Енді ұлы тұлғаларды мазақ еткендер жазалануы мүмкін

09.10.2024ж. 20:00
318
Енді ұлы тұлғаларды мазақ еткендер жазалануы мүмкін

Абай – кришнайт, Сәкен - сатқын, Мұстафа - қашқын. Ұлы тұлғаларды осылай мазақ ететін жастар көбейген. Депутаттар ел мақтаныштарының ар-намысын аяққа таптағандарды заң алдында жауапқа тартуды ұсынды. Жыр алыбы – Жамбылды «туфли жалағыш», Шәмшіні «арақ ішкіш» деп, батырларымызды – байғұс, тұлғаларымызды – тулақ етіп жатқан мысалдар аз емес. Қазақ поэзиясының таутұлғасы Мұқағали Мақатаевтың аруағына тіл тигізген жігіт елдің есін екеу, түсін төртеу қылды. Халық қалаулылары тұлғалардың бәрі ұлтқа ортақ екенін айтып, тиісті шара қолдану керегін айтты. 

ЖАНАРБЕК ӘШІМЖАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, “AMANAT” ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

«Ел боламын десең бесігіңді түзе!» деген. Ал бесігімізді қандай құндылықтар тербеп жатыр? Елдің ертеңін сеніп тапсыратын ұрпақ қалыптастырамыз десек, үкіметтік деңгейде жеделдетіп Ұлттық құндылықтар жүйесіне арналған мемлекеттік бағдарлама әзірлеу қажет. Балабақшаларда, мектептерде, оқу-ағарту бағытында бұлжымас ұлттық тәрбие мен патриоттық іс-қимыл шараларын жүзеге асырылуы тиіс.