$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Мемлекет басшысы Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының Төрағасымен кездесті

09.10.2024ж. 20:00
468
Мемлекет басшысы Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының Төрағасымен кездесті

Мемлекет басшысы Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының Төрағасы У Вон Шикпен кездесті. Президент Қазақстанның Азиядағы негізгі серіктестерінің бірі Оңтүстік Кореямен арадағы санқырлы ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқанын айрықша атап өтті. Ал, У Вон Шик қонақжайлық танытқаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, қазақ-корей байланысын барлық бағыт бойынша тереңдетуге дайын екенін жеткізді. Қос тарап автокөлік құрастыру, энергетика, өнеркәсіп, білім және мәдениет бойынша ой алмасып, жоспарларымен бөлісті. 

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТ:

Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының Төрағасы ретінде алғашқы шетелдік іс-сапарыңызды Қазақстаннан бастап отырсыз. Мұны біздің елімізге деген ілтипатыңыздың белгісі деп қабылдаймын. Бұл сапарыңыз достығымыз бен тығыз байланыстырымыздың тағы бір айғағы екені сөзсіз.