Бүгін -Дүниежүзілік пошта күні. Қай кезде де пошташының еңбегі орасан. Ресми түрде бөлімшелер ашылмаған тұста да қазақ даласының о шетінен бұ шетіне хабар жеткізетін арнайы қызметкерлер болды. Заман өзгерген сайын олардың қызметі де өзгеруде. Тілшіміз Дәрібек Бақытбектің бейнематериалы.
ДӘРІБЕК БАХЫТБЕК, ТІЛШІ:
Газет таратып жүремін\ Есіңізде ме? \жүріп келіп великке отырамын\ Бұрын бала кезімізде пошташы осылай велосипедпен ауыл-ауылды аралап газет-журнал тарататын. Хат та жеткізді. Тіпті, келетін уақытын да білеміз. Бәріміз оған пошташы ағай, пошташы апай деп ат қойып алатынбыз.
Ал, қазір мүлдем басқаша. Пошташының жұмысы жеңілдеген. Жолына қарап, хат күтетін кезеңдер артта қалды. Енді салемдемені, хат-хабарды курьер арқылы жеткізеді.
Дидар Егінбаев 5 жылдан бері пошташы болып еңбек етеді. Күніне 60 тан астам сәлемдеме жеткізеді. Өз жұмысы өзіне қатты ұнайды. Осылай жүріп халықтың ықыласына бөленеміз дейді. Бастапқыда 2 жыл жаяу жүрген. Кейін көлік беріпті.
ДИДАР ЕГІНБАЕВ, ПОШТАШЫ:
Сағат 8 дің кезінде машиналарды қабылдап аламыз. Содан кейін Әуезов 13 ке барып сәлемдемелерімізді тексеріп аламыз. Кейбір кезде район районға қателесіп кету мүмкін өзіміз үшін тексеріп аламыз да. Сағат 8 жарым 9 дың кезінде қалаға шыға бастаймыз өз маршутымыз бар.
Кезінде бәрі пошташыны асыға күтетін. Қазір бәрі қолжетімді. Алайда, ескі естелікті ұмыту мүмкін емес дейді тұрғындар.
БЛИЦ-САУАЛНАМА:
- Пошта баяғыда газет тарататын. Газет оқитынбыз мысалға. Хатымыз сомен, посылкамыз сол поштамен. Бәрі жақсы болды ол кезде.
- Кәдімгі хат жазып өзіміз барып поштаға салатынбыз мысалы. Жанағы құттықтау болсын, бір-бірлеріне хат жазу болсын. Ол міндетті түрде поштаға салған хатын сол адрес бойынша жететін.
Айта кетейік, бір ғана "Қазпошта" күніне 120 мың сәлемдеме жеткізеді. Қазір мұнда 20 мыңнан астам адам қызмет етеді. Еліміздің түкпір-түкпірінде 2700 бөлімшесі бар.