$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Алматыда 11 жасар қызға азғындық жасаған 38-дегі ер адам ұсталды

09.10.2024ж. 20:00
392
Алматыда 11 жасар қызға азғындық жасаған 38-дегі ер адам ұсталды

Алматыда 11 жасар қызға азғындық жасаған 38-дегі ер адам ұсталды. Ол ешкім жоқ екенін пайдаланып, үйге баса көктеп кіріп, арам ойын жүзеге асырған көрінеді. Артынша қашып кеткен. Бірақ, тәртіп сақшылары оны тез арада қолға түсірді. Баланың ата-анасы оның қатаң жазалануын талап етуде. 

ЖОМАРТ ТҮЗЕЛБАЙ, ТІЛШІ:

Жаға ұстатарлық жағдай кеше таңғы сағат 10 жарым шамасында болған Жағдайы жасалмаған жалдамалы пәтердің есігіне қарасақ, ілмек түгілі тұтқасы да жоқ. Сол себепті күдікті емін еркін кірген көрінеді.

Бұл уақытта жеткіншектің анасы жұмыста, әпкесі мектепте болған. Күдікті оның жалғыз екенін пайдаланған. Ретін тауып сыртқа қашып шыққан қыз анасына хабарласып, өзі көмек сұрапты.

ҚЫЗДЫҢ АНАСЫ:

Сағат 11жарымда менің қызым звондады. Мен жұмыста болғам. Мен сол жерден жүгірген күйі ойбайлап келдім ғой енді. Қызым мектепке қарай қашып барған ғой мына думан ықшам ауданында тұрамыз. Бізде мына микрорайон Думанда алқаштар өте көп жүрген. Ол бақылаусыз.

Баласына қорлық көрсеткен күдіктіні қатаң жазалауын талап етеді. Олар бұл пәтерге 1 айға жуық уақыт бұрын ғана көшіп келген. Жалғызбасты әйел жалдамалы баспанада мектеп жасындағы екі қызымен бірге тұрыпты. Ал отбасынан бөлек тұратын әкесі оқиғаны естігенде есеңгіреп қалдым дейді.

ҚЫЗДЫҢ ӘКЕСІ:

Біз келсек милициялар уже келіп алыпты. Кеп уже жаңағы бөлмеге кіріп тексеретінін тексеріп жатыр екен. Сол уақытта бір милиция келді да сразу телефонын ашып мынау ма деді и сразу қызым ия деді. Сол уақытқа дейін ол короче осы мына рувд да жатқан екен таңертең. Бірақ шығарып жіберген. Менің де талабым сол енді Думандағы мастарды тазалау.

Алматы қалалық полиция департаменті күдіктіні тез арада қолға түсіргендерін айтады. Ол -38 жастағы ер адам. Өзге ақпараттар жария етілмейді. Қазір тергеу жүріп жатыр.

САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Алдын алу іздестіру шараларын жүргізу барысында күдікті қолға түсті. Жетісу ауданының тұрғыны Алматы қаласында не жұмысы не тұрғылықты жері жоқ болып шықты. Бұл азамат бірден қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128 баптарының нормалары бойынша қамауға алынып, қазіргі таңда уақытша оқшаулау абақтысында.

Небәрі 6 сыныпта оқитын қыздың туыстары қызғалдағының қаңғыбастан қорлық көргеніне қапалы. Мұндай жағдай қайталанбас үшін өздері тұратын Думан ықшам ауданында қаптап жүретін маскүнемдерге бір шара қолданылса дейді. Жомарт Түзелбай, Қанат Кигізбаев, Астанатаймс, Алматы қаласынан.