$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Маңғыстауда аудандық полиция бастығы жауапқа тартылды

AstanaTV
09.10.2024ж. 21:06
270
Маңғыстауда аудандық полиция бастығы жауапқа тартылды

Маңғыстауда аудандық полиция бастығы жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Түпқараған ауданының полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы қадағалау органының актісін уақытылы қарамағаны үшін Маңғыстау облысы полиция департаменті бастығының бұйрығымен тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Азаматтық қаруды сатып алуға рұқсат беру кезінде прокурорлармен заңбұзушылықтар анықталды, яғни рұқсаттарды, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру және тұрмыстық зорлық-зомбылық жасағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылған тұлғалардың алғаны белгілі болды.

Аталған заңбұзушылықтарды жою мақсатында Түпқараған ауданының полиция бөліміне ұсыну енгізіліп, заңда белгіленген бір ай мерзімде қаралмаған.

Осыған байланысты полиция бөлімінің басшылығына қатысты тәртіптік іс қозғалды.

Сонымен қатар прокурордың талабынан кейін заңсыз берілген рұқсаттардың күші жойылып, 4 қару тәркіленді.