$490.84 €536.88 ₽5.04
×

Атырауда облыстық спорт басқармасы басшысына қатысты іс: тергеу аяқталды

AstanaTV
10.10.2024ж. 19:06
106
Атырауда облыстық спорт басқармасы басшысына қатысты іс: тергеу аяқталды

Атырауда облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Дастанбек Қоспановқа қатысты тергеу аяқталды. 

Оған спортшылардың оқу-жаттығу жиындарына шығуын ұйымдастыруға бюджеттен қаражат бөлу үшін ведомстволық бағынысты Олимпиадалық резервтерді даярлау орталығының жаттықтырушысынан 1,7 миллион теңге көлемінде пара алды деген айып тағылды. Тергеу ісі оның мемлекетке ірі шығын келтірген басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтады.

Аталған қылмыстық істер бойынша күдіктілер мен олардың қорғаушылары сотқа дейінгі тергеу материалдарымен танысуда,-деп хабарлайды azh.kz.