$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Оқушылар ақша бопсалаған мектептің директоры қызметінен кетті

AstanaTV
10.10.2024ж. 21:19
234
Оқушылар ақша бопсалаған мектептің директоры қызметінен кетті

Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Кемертоған ауылында 15 жастағы оқушыдан қатарластары ақша бопсалаған. Бұл оқиғадан кейін мектеп директоры қызметінен босатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мектеп директоры Дархан Накысбеков қызметінен кеткенін растады. Ақпаратқа сәйкес, мектеп басшысы өзінің өтініші негізінде жұмыстан босатылған.