$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Жетісу облысында өртенген көліктен ер адамның мәйіті табылды

AstanaTV
10.10.2024ж. 22:00
280
Жетісу облысында өртенген көліктен ер адамның мәйіті табылды

Жетісу облысында өртенген көліктен ер адамның мәйіті табылды. Марқұмның 7 қазанда жоғалып кеткен, Талдықорған қаласының 47 жастағы тұрғыны екені белгілі болды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Ол дүйсенбі күні түс кезінде жұмысынан шығып үйіне оралмаған екен. Хабар-ошарсыз кеткен азаматқа іздеу жарияланып та үлгерген.

Ал полицейлер оның өртенген көлігін 8 қазанда қала сыртындағы Алматы – Өскемен айналма жолының маңынан тапқан. Иесі сол көлікте жанып кеткен екен. Алдын ала болжам бойынша азаматты біреулер өлтіріп, артынан өрт қоюы мүмкін.

«Қылмыстық іс тергелуде. Күдіктілерді анықтауға және ұстауға бағытталған жедел-іздестіру және тергеу іс-шаралары жүргізілуде. ҚР ҚПК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі іс жүргізу шеңберіндегі өзге де ақпарат жария етуге жатпайды. Іс облыстық прокуратура мен полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында», - деді Полиция департаменті ақпараттық саясат бөлімінің аға инспекторы Қасқар Темірханов.