$533.61 €621.07 ₽6.78
×

Қаза болғандар бар: Түркістан облысында жантүршігерлік жол апаты болды

AstanaTV
10.10.2024ж. 22:33
484
Қаза болғандар бар: Түркістан облысында жантүршігерлік жол апаты болды

Түркістан облысында жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Қайғылы оқиға салдарынан 3 адам мерт болды. Жол апаты 5 қазанда Алматы-Термез тас жолында болған. Hundai Starex автомобилі жүк көлігінің тіркемесімен соқтығысып, жолаушылар көлігінің жүргізушісі және екі жолаушы көз жұмған.

Жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалып, қазір тергеу жүріп жатыр.