Ота барысында жарамдылық мерзімі өтіп кеткен филлерді пайдаланған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Соның себебінен жәбірленушінің жағдайы қиындап, қабыну процесі жүріп, дәрігерлерге жүгінуге тура келген.
Сот үкімімен кінәлі тұлғаның 1 жыл 6 айға еркіндігі шектеліп, медициналық қызметпен айналысу құқығынан айырылды. Мәжбүрлі еңбекке тартылатын болады.
Сотталушыдан жәбірленушінің пайдасына материалдық және моральдық шығын ретінде 5,8 млн теңге өндірілді.
Үкім заңды күшіне енді.