$486.65 €524.46 ₽5.05
×

Францияда сағатына 150 шақырым жылдамдықпен жел тұрып, нөсер жауды

10.10.2024ж. 20:00
231
Францияда сағатына 150 шақырым жылдамдықпен жел тұрып, нөсер жауды

Еуропада да жағдай тұрақты емес. Францияда 1 күнде жаңбырдың 1 айлық мөлшері жауды. Нөсерден бөлек, жел күшейген. Жылдамдығы сағатына 150 шақырым. Мамандар ел аумағына атлантикалық «Кирк» дауылы жақындап қалғанын айтады. Кей аумақтарда дауылға байланысты қауіптің қызғылт сары деңгейі жарияланды. Жағдай одан ары ушықса су тасқыны жүріп, сел көшуі ықтимал. Билік тұрғындарға көлік қозғалысы қиындап, электр жарығы өшуі мүмкін екенін ескертті.