$494.87 €520.65 ₽4.91
×

«Түсініксіз қоңыраулар түсе бастады»: Жұлдыз Әбдікәрімова соттан кейінгі жағдайы туралы айтты

AstanaTV
11.10.2024ж. 09:25
134
«Түсініксіз қоңыраулар түсе бастады»: Жұлдыз Әбдікәрімова соттан кейінгі жағдайы туралы айтты

Өткен айда актриса әрі блогер Жұлдыз Әбдікәрімова құрылыс компаниясының алдауына түсіп, өз үйін қайтару үшін сотқа жүгінгенін айтқан еді. Аудандық сотта бұл мәселе қаралса да, сот шешімі Жұлдыздың пайдасына шықпаған. Артынша актриса аппеляциялық сотқа шағымданып, әлеуметтік желіге отырыстан видеоүзінді салған болатын, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жұлдыздың сөзінше, бірінші аудандық сотта жеңіліс тапқанда, көп дәлелдердің қараусыз қалғандығы көңілге қонбаған. Адвокатымен келісе отырып, қалалық соттың барысын жария түрде өткіземіз деп шешкен.

«Сол күннен бастап, түсініксіз қоңыраулар түсе бастады. Оған мән бермедім. Бірақ…Өткен аптада іссапармен Шымкент қаласында болдым. Сонда, бейтаныс жандар менің қасымдағы адамдарға жолығып, “…сотқа байланысты салып жатқан ақпаратты парақшасынан алып тастасын. Егер жарияламаса, біз переговорға шығуға дайынбыз. Мәселесін шешіп беруге тырысамыз. Бірақ ақпаратты шұғыл өшірсін!”-деген сәлемдеме жолдапты. Ескертіп айтамын мен ол адамдарды көрген жоқпын. Менімен тікелей кездесіп, тілдеспеді! Құлаққағыс болсын сот процессінен тыс мен ешқандай келіссөздерге келіспеймін», - деп жазды актриса.