$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Бензин мен дизельдік отынды экспорттауға тыйым салу уақыты ұзарды

AstanaTV
11.10.2024ж. 10:24
207
Бензин мен дизельдік отынды экспорттауға тыйым салу уақыты ұзарды

"Қазақстан Республикасының аумағынан мұнай өнімдерін әкетудің кейбір мәселелері туралы" бірлескен бұйрық қабылдады, деп хабарлайды Astana TV.

Бұған дейін Қазақстанда биылғы жылдың 29 наурызында енгізілген мұнай өнімдерін экспорттауға алты айға тыйым салынған. Енді ол ұзартылады. 

Қазақстан Республикасының аумағынан, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге автомобиль көлігімен бензинді, дизельдік отын мен мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін, делінген құжатта.