Көрермен жүрегін жаулаған “Жездуха” сериалының актері, “Миллион” командасының мүшесі Қанат Тасхан шаңырақ көтергенін жоққа шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі Revuenews бағдарламасына берген сұхбатында әлеуметтік желіде тараған видеоларды түсірілім алаңындағы кадр деп түсіндірді.
“Мені үйленді деп кім айтып жүр? Үйленсем, үйлендім деп айтпаймын ба? Оны жасырып не қыламын? Қайрат Нұртас емеспін ғой. TikTok қатты шулады, өзімді соншалықты танымалмын деп ойламаппын. Біздің қазақ өсекке құмар немесе мен қатты танымалмын. Мен үйленсем, бәрін шақырамын. Ал ол "Не жүріс?" деген әннің бейнебаяны, алдағы уақытта жарыққа шығады", – деді актер.
Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, тойдың өткенін растап жатыр.
“Сәбинаға үйленсе күшті болатын еді”, “Үйленгенің рас неге өтірік айтып тұр?”, “Қайратпен өзіңді салыстырмай-ақ қойшы”, “Мұхтар Ниязов келіннің бетін ашқан”, – деп жазып жатыр көпшілік.