$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында аудит өтіп, басшылықтағы 11 адам жазаланды

AstanaTV
11.10.2024ж. 12:45
228
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында аудит өтіп, басшылықтағы 11 адам жазаланды

Жоғары аудиторлық палата Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында мемлекеттік аудит жүргізген. Тексерістен кейін басшылық құрамда істейтін 11 лауазымды тұлға тәртіптік жауапқа тартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ЖАП-тың мемлекеттік аудиті биыл шілде айында аяқталған. Аудит қорытындысы бойынша Қазақстанның бюджет және өзге де заңнамалары, сондай-ақ ұйымның ішкі нормативтік құжаттары бұзылғаны анықталды.

«Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігі мен ӘМСҚ басшылығына жұмысты тиісінше ұйымдастырмаған және олқылыққа жол берген лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту тапсырылды. Осылайша Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мен өңірлердегі филиалдарының басшылық құрамындағы 11 өкілі, соның ішінде Қордың басқарма төрағасының бір орынбасарын тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы шешім шығарылды», - деп мәлімдеді аудиторлық палата.

Жоғары аудиторлық палата мемлекеттік аудиттің қорытындысынан кейін берген ескертпелердің орындалуын өз бақылауында ұстайды.