Қазақстан Франция, Қытай, Оңтүстік Корея және Ресеймен атом электр станциясын салу бойынша келіссөздерге дайындалуда. Бұл туралы Қазақстанның МАГАТЭ-ге қосылуының 30 жылдығына арналған халықаралық конференцияда айтылды. Елорда төрінде өткен шарада жаһандық антиядролық қозғалыс пен атом өнеркәсібі дамуының тарихи маңызы талқыланды. Сондай-ақ бейбіт атомды пайдаланудағы Қазақстанның орны, оны пайдалану жолдары және осы уақытқа дейін атқарған жұмыстары мен болашағы туралы мәселелер қозғалды.
БЕРІК БЕКЖАНОВ, ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Жалпы бейбіт атомды пайдалану мәселесі Қазақстанда жаңа қарқынмен болады деген ойдамыз. Біздің ұстаным бір күнде ғана туындаған ұстаным емес. Біз Тәуелсіздік алған жылдан бастап жалпы атом қаруын бейбіт жолда пайдалану туралы нақты іспен көрсетіп келе жатырмыз. Тек ғана құр сөзбен емес. Оған жеткілікті нормативтік құқықтық актлер бар бүгінгі таңда.