$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Атырауда «Салық кодексі» жобасындағы өзгерістер талқыланды

11.10.2024ж. 20:00
178
Атырауда «Салық кодексі» жобасындағы өзгерістер талқыланды

Атырауда «Салық кодексі» жобасындағы өзгерістер талқыланды. Қаржы министрі бастаған делегация мұнайлы аймақта бизнес өкілдеріне мұнай-газ секторының жер қойнауын пайдаланушыларына салынатын салық бойынша өзгерістерді түсіндірді. Сала мамандарының айтуынша, келер жылы қабылданатын құжат мемлекет қана емес, бизнес және тұтастай қоғамның мүддесін ескеретін болады. Жиынға отандық және халықаралық ірі мұнай компанияларынң өкілдері қатысты. 

Салық Кодексі жобасын талқылауды Атырауда бастаудың өзіндік себебі бар. Ұлттық қорға түсетін түсімнің 50 пайызы аймақтың мұнай компанияларына тиесілі. Салық кодексін қабылдауда табиғат пайдаланушы компанияның ерекшеліктері ескерілсе,- дейді жиынға қатысушылар.

РЫСТЫ ТАСМАҒАМБЕТОВА, МҰНАЙ КОМПАНИЯСЫНЫҢ ӨКІЛІ:

Мемлкетке тапсырып отырған тауарлық газымызды мемлекет өзінің төмен бағасымен алады. Онын да әлемдің бағамен салықты төлеу дұрыс емес деп санаймыз. Енгізілгелі отырған өзгерістерге біздің сұрақтарымыз да ескеріліп өтеді деген үмітіміз бар.

Жаңа салық кодексінде өзгеріс көп: салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер саны азаймақ. Фискалды қайтарымсыз төлемдерді алып тастау және олардың кейбірін біріктіру жоспарланған.

АЙДЫН САУДАНБЕКОВ, АТЫРАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТІТК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:

Ең басты принциптерінің бірі - салықтық әкімшілендіруді оңтайландыру, сонымен қатар кәсіпкерлеріміз салынатын шараларымызы барынша азайту.

Жаңа Кодексте сарқылып жатқан кен орындарындағы өндірісті қолдауға бағытталған өзгеріс бар. Министр сала мамандарымен пікірлесе отырып, инновациялық технологияларды енгізетін тиімді және әділ салық жүйесін құруға жұмыстанамыз,- дейді.

МӘДИ ТӘКИЕВ, ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРІ:

Мұнайшыларға арналған бүгінгі таңда олар бірталай салық төлейді ройлти бар ішінде, оның бәрін қосып бір салық ретінде сондай ұсыныс бар. Мұнайшылардың пікірлерін естуге, өздерінің ойларын Салық кодекске қандай әкімішік жасау керек, өзіміз түсіндірп, екіншіден ойларын тыңдауға келдік.

Салық саласындағы процестерді электронды форматқа көшіру қолға алынған. сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтып, ашықтықты қамтамасыз етпек.