$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Сенаторлар арнайы экономикалық аймақтың тиімділігі мен инвестиция тарту мәселесін талқылады

11.10.2024ж. 20:00
197
Сенаторлар арнайы экономикалық аймақтың тиімділігі мен инвестиция тарту мәселесін талқылады

Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары «Алатау» арнайы экономикалық аймақтардың қызметімен танысып, мемлекеттік органдардың басшыларымен және бизнес-қауымдастық өкілдерімен кездесті. Жүздесуге қатысушылар арнайы экономикалық аймақтың тиімділігін, нысандар мен инфрақұрылымның құрылысын талқылады. Сондай-ақ, өңдеу өнеркәсібіне жеке инвестиция тарту деңгейі мен Арнайы экономика аумағындағы жобалармен танысты. 

Сенат депутаттарының алғашқы аялдамасы Алатау өңіріндегі көлік-логистикалық орталығы болды. Онда дамыған әлемдік тәжірибелерді пайдалана отырып, нарыққа мультимодульді көлік шешімдерін ұсынды. Одан кейін Алматы облысының әкімдігіне барды. Алдағы 25 жылға дейін құрылған жоспарлармен танысып, арнайы дайындалған қала макеттер экскурсиясына қатысты.

БЕКБОЛАТ ОРЫНБЕКОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Біз бүгінгі таңда ең біріншіден басжоспар біткеннен кейін солармен таныстық, екінші мәселе толық консепция болғаннан кейін оны қарадық. Бүгінгі таңда негізгі бастамасына техника эконом негіздемелерін жан жақты ақпарат инфроструктура су , свет, газ, жылу тағы да мәселелер жол дегендей соны қарап шықтық. Әрине бұның бәрі бүгінгі таңда ең бірінші біздің комитеттің келіп отырған мәселесі арнайы экономикалық аймақтар, негізгі жұмыстарымен бүгінгі таңда толық танысып, арнайы үкімет сабат өткізіп, содан кейін соның ішінде нақты ұсыныстар беру.

Басқосуда елге инвестиция тарту, қысқа уақытта заманауи қалаларды тұрғызу сынды көптеген тақырыптар қозғалды. Сонымен қатар Қонаев қаласындағы су қоймасын магнит көзіне айналдырып, туризмді дамыту қолға алынбақ.

БОЛАТ МҰСЫЛМАНБЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БАСҚАРМАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ БАСШЫСЫ:

Біріншіден Қонаев қаласында Қапшағай су қоймасы бар. Қапшағай су қоймасының төңірегінде Алматының демалушылары, осы бүкіл Қазақстанның демалушылары жағажайға келіп демалады. Сол жағажай тартымды магнит деп есептесек болады. Соның есебінен Қонаев қаласының бір ерекшелігі болу керек болды. Сол ерекшелігінде біріншіден заманауи жаңа қала саламыз. Ескі қаланы мүмкіншілігінше сақтап реновация дейді ескі үйлерді сейсмикалық тарапқа сәйкестендіріп, тұрғын үйлер саламыз. И бизнеске мүмкіншілік жасау үшін жағажайды жаңағы басқа да облыс статусына қажет ғимараттарды осыбас жоспарда қарастырылған.

Одан бөлек сенаторлар «Арнайы экономикалық аймақ» аясында импортты қысқарту және жаңа жұмыс орындарын ашу мақсатында балық өңдеу, кілем, аяқ киім, тоқыма, қағаз, бетон және басқа да салалар сияқты негізгі 17 сала бойынша 171 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Сондай-ақ бұл жобаларды қолдау үшін инфрақұрылымдық және логистикалық нысандар құру қарастырылды. Жомарт Түзелбай, Әсет Елембаев, Астанатаймс Қонаев қаласынан.