Астаналықтарда әбігерге түсуі мүмкін. Ертең қар жауады. Синоптиктер осылай деп дабыл қағуда. Көлік жүргізушілердің қысқа дайындығы қалай? Оларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді ме? Әріптесім Дәрібек Бахытбек сұрады.
ДӘРІБЕК БАХЫТБЕК, ТІЛШІ:
Бас қалада бүгін жаңбыр жауып тұр. Жақын күндері ақ ұлпа қарда түседі. Көлігімнің дөңгелін ауыстырып үлгіруім керек. Қайда барсамда кезек көп екен. Бұл түріммен бүгін ауыстыра алмайтын секілдімін. Өзім әурелеп көрейін.
Елордалықтардың көбі қысқа дайын емес. Тіпті, дөңгелек әлі алмағандар да бар.
БЛИЦ-САУАЛНАМА:
- Дөңгелекті енді ауыстырамыз Алла жазса. Не запно шығып кетті қар. Гололед қазір трассада. Қазір Көкшетауыма барып дайындық жасаймын.
- Дөңгелек ауыстырдыңыз ба?
- Жоқ алмастырмадым. Қар жауса алмастырамыз. Білмеймін еріп кететін сияқты ғой. Көп уақыт болатын сияқти емес.
Синоптиктердің сөзінше, 12 қазаннан бастап еліміздің басым бөлігінде қатты күн суытып, қар жауады. Тіпті, республиканың орталығында және шығысында көктайғақ болады дейді.
КӘМШАТ КАТАУФ, "КАЗГИДРОМЕТ" РМК ЖЕТЕКШІ ИНЖЕНЕРІ:
Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жаңбыр, таулы аудандарда жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде болады деп болжануда. Республика бойынша жел күшейеді, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түседі. Еліміздің батысында ғана антициклонның әсерінен ашық ауа-райы болжанады.
Ал, тәртіп сақшылары жүргізушілерге аса сақ болуды ескертеді. Жол қауіпсіздігі үшін көлік иелері жыл мезгіліне сәйкес дөңгелектерді уақытында ауыстыру қажет дейді. Әрине, ең бастысы амандығың үшін маңызды.