$490.84 €536.88 ₽5.04
×

Ел футзалшылары әлемдік рейтингте жоғарылады

AstanaTV
11.10.2024ж. 18:09
68
Ел футзалшылары әлемдік рейтингте жоғарылады

Халықаралық футбол федерациясы футзалдан Өзбекстанда өткен әлем чемпионатынан соң ұлттық құрамалардың рейтингін жаңартты, деп хабарлайды Astana TV.

Көш басына чемпион атанған Бразилия жайғасты. Португалия екінші орнын сақтап қалды. Үздік үштікті күміс жүлдегер атанған Аргентина түйіндеді. Бұған дейін олар екі саты төмен тұрған.

Ал Қазақстан құрамасы сегізінші орыннан бесінші сатыға көтерілді. Рикардо Кака шәкірттері ширек финалда дәл осы Аргентинаға есе жіберген – 1:6.

Үшінші орын үшін таласта Францияны ұтқан Украина (7:1) тоғызыншы орынға көтерілді.

Алғашқы ондық: Бразилия, Португалия, Аргентина, Испания, Қазақстан, Иран, Морокко, Ресей, Украина, Франция.