$487.37 €532.94 ₽5.09
×

"Өзімді үйдегілерге дәлелдеуге тырыстым": Балжан Бидаш балалық шағынан сыр шертті

AstanaTV
11.10.2024ж. 18:43
79
"Өзімді үйдегілерге дәлелдеуге тырыстым": Балжан Бидаш балалық шағынан сыр шертті

Танымал әнші Балжан Бидаш бала кезінде қандай болғанын айтып беріп, оқырмандарын жігерлендірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бүгінде өнер иесі – қазақ эстрадасының жарық жұлдызына айналған әншілердің бірі.

“Кейде бір жетістікке жету үшін біреуге өзіңді дәлелдеу, мотивация береді. Осы жазбаны көріп ата-анам “Еей жаным!” деп отқан болар. Өйткені әрқашан өзімді үйдегілерге жан-жақты дәлелдеуге тырыстым. Түпкі мақсатым – отбасым менімен мақтанса екен деген. Екі ағамнан кейінгі жалғыз қыз, кішісі болған соң ба ең шапшаң, ең пысықтауы болдым. Бәріміз жақсы өмір сүргенді қалаймыз сондықтан адал табысыммен өмірден қалағанымды алғым келеді”, – деп жан сырын ақтарды әнші.

Сондай-ақ өнер иесі әншілікпен қоса түрлі кәсіпті қатар алып жүргенін айтты.

“Тек қана өнерде жүрмей бизнес түрлерін де көрдім. Бойымда кәсіптік бар екен. Тағдыр өзі айналдырып бизнеске әкелуде. Жылдар бұрын екі рет киім дүкенін қызығушылық ретінде ашып, саудада тәжірибе жинадым”, – деп бөлісті эстрада жұлдызы.