Қазақстанда жаңа тұрғын үйдің бір шаршы метрінің құны орташа есеппен 500 мың теңгеге жетті, деп хабарлады Astana TV.
Бүгінде баспананы сатып алудан бөлек жалға алу бағасы да қымбаттаған. Бірақ бұл жолы баға өсімі әдеттегідей Астана мен Алматыда емес, өңірлерде байқалып отыр.
Мәселен, Ұлттық статистика бюросының дерегінше, кейінгі 1 айда пәтер жалдау құны бірден 5 пайызға қымбаттаған Өскемен мен Қарағанды және Көкшетау қалалары алғашқы үштікте тұр.
Ал кейінгі 1 жылдағы ең жоғары өсім Жетісу облысының орталығы Талдықорғанда тіркелген екен.