$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Берік Әбдіғалиұлы жаңа қызметке тағайындалды

AstanaTV
11.10.2024ж. 19:30
220
Берік Әбдіғалиұлы жаңа қызметке тағайындалды

Берік Әбдіғалиұлы Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі директорының міндетін уақытша атқарушы қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

​ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушы Айзада Құрманова музейге арнайы келіп, Берік Әбдіғалиұлын музей ұжымына таныстырды.

Берік Әбдіғалиұлы 1971 жылы туған. Білімі жоғары: 1994 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін «Тарих және қоғамтану оқытушысы» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Әр жылдары Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында қызмет етті.

2010-2013 жылдары Ұлытау ауданы әкімі, Жезқазған қаласының әкімі, Арқалық қаласының әкімі, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары;

2016 жылы ҚР Қорғаныс министрлігінің ҚР Қарулы күштері Әскери-тарихи музейінің бас ғылыми қызметкері;

2017-2019 жылдары ҚР Ұлттық музейінің «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі;

2019-2021 жылдары Қарағанды облысы Ұлытау ауданының әкімі.

2021-2022 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты;

2022-2024 жылдары Ұлытау облысының әкімі лауазымын атқарған.