$487.37 €532.94 ₽5.09
×

Президент экс-сенатор Ләззат Қалтаеваға алғыс айтты

AstanaTV
12.10.2024ж. 08:24
40
Президент экс-сенатор Ләззат Қалтаеваға алғыс айтты

Мемлекет басшысы экс-сенаторға алғыс айтты. Бұл жаңалықты Президенттің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады, деп жазады Astana TV.

«Президент экс-сенатор Ләззат Қалтаеваға Парламенттің жоғары палатасындағы белсенді және жемісті жұмысы үшін ризашылық білдірді. Оның тәжірибесі мен білімі еліміздің қоғамдық-саяси өмірін одан әрі дамытуға үлес қоса беретініне сенімді екенін атап өтті», — жеп жазды Берік Уәли.