Желіде Алматыдағы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіндегі №17 жатақхананың іші тозып кеткені түсірілген видео тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Кадрлардан еденде өріп жүрген тышқан мен тарақандарды байқауға болады. Желіде тараған видео жазбасында жатақханадағы екі адамға арналған бөлмеде 3-4 студент тұрып жатқаны жазылған.
“Тіпті жоғары курс студенттері билігін асыра пайдаланып, өзінен кіші курс студенттеріне әлімжеттік көрсетеді. Қолынан сүйгізіп, телефондарын алып кетіп, бір-бірімен төбелестіреді екен. Ал университет басшылығы бұл мәселелерге мән бермей отыр”, – деп жазылған жазбада.