$487.37 €532.94 ₽5.09
×

Шавкат Рахмонов UFC чемпионы атағына таласады

AstanaTV
13.10.2024ж. 07:35
54
Шавкат Рахмонов UFC чемпионы атағына таласады

Аралас жекпе-жек шебері қазақстандық Шавкат Рахмонов 7 желтоқсан күні Лас-Вегастағы T-Mobile аренада кездесу өткізеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оның қарсыласы – жартылай орта салмақта UFC чемпионы американдық Белал Мухаммад (24-3).

Айта кетейік, Белал Мұхаммад 2023 жылдың шілдесінде Манчестерде өткен UFC 304 турнирінде Леон Эдвардсты төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңіске жетіп, жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы атанды. Осылайша, Рахмонов UFC-дегі алғашқы қазақстандық чемпион атануы мүмкін.

Шавкат Рахмонов MMA-да 18 жекпе-жек өткізіп, бәрін уақытынан бұрын жеңген. Ол соңғы жекпе-жегін 2023 жылы желтоқсанда Лас-Вегас (АҚШ) қаласында өткізіп, америкалық файтер Стивен Томпсонды екінші раундта ұтқан болатын.