$487.37 €532.94 ₽5.09
×

Күн райына байланысты Қарағанды маңында 500-ге жуық көлік жол бойында тұрып қалды

AstanaTV
13.10.2024ж. 08:51
42
Күн райына байланысты Қарағанды маңында 500-ге жуық көлік жол бойында тұрып қалды

 Теміртау жанындағы төлем жасайтын терминалда 500-ге жуық автокөлік кептеліп тұрып қалды. Ауа райының бұзылуына байланысты «Екатеринбург-Алматы» автожолының 1291-1426 шақырымы аралығындағы Астана-Теміртау бағытында жол жабылған болатын, - деп жазды KAZINFORM.

«Қызылорда-Павлодар», «Қарағанды-Аягөз-Боғаз» бағытында автокөліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылғанын бұған дейін хабарлаған едік.

«ҚазАвтоЖол ҰК» АҚ дерегінше, сағат 19:30–да ауа райының бұзылуына байланысты барлық автокөліктердің түріне автожолдар жабық. Қарағанды – Қарқаралы сондай-ақ Қарағанды – Павлодар облысындағы шекараға дейін жол жабылады, - деп хабарлады Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі.